Материалы за Апрель 2026 года » ГККП «Центр детско-юношеского туризма и краеведения»
"Жетісу облысы білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 54-42-61
Есепші бөлімі:
+7(7283) 54-42-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЭКСКУРСИЯ
25
апрель
2026
ЭКСКУРСИЯ
2026 жылдың 25 сәуір күні тарихи өлкетану және «Жас зерттеушілер» үйірмесінің қатысушыларына Жапон жауынгерлерінің зиратына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар тарихи орынның маңыздылығымен танысып, өткен тарихтан тағылым алды. Танымдық экскурсия жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ел тарихына деген қызығушылығын арттырды.
ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРКЕН
23
апрель
2026
ЕҢБЕГІ АДАЛ ЖАС ӨРКЕН
2026 жылдың 23 сәуір күні «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Қолымнан келсе – табиғатты сақтаймын» тақырыбында викторина байқауы ұйымдастырылды. Байқау барысында қатысушылар экология және қоршаған ортаны қорғау туралы білімдерін сынап, белсенділік танытты.  Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, табиғатты аялаудың маңызын талқылады.
Жарыс
17
апрель
2026
Жарыс
2026 жылдың 17 сәуір күні Туризм орталығында «Спорт – есірткіге қарсы» ұранымен Текелі қаласы мектептерінің оқушылары арасында спорттық жартасқа өрмелеуден қалалық чемпионат өтті.  Чемпионат барысында қатысушылар спорттық жартасқа өрмелеуден жылдамдық және боулдеринг қашықтықтары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.  Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, грамота және медальдармен марапатталды. 
Оқу-жаттығу жиыны
14
апрель
2026
Оқу-жаттығу жиыны
10–12 сәуір аралығында Тамғалы тас шатқалында туристік көпсайыс үйірмесінің қатысушыларына оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Жаттығу табиғи жартаста өтіп, қатысушылар туристік техника элементтерін тәжірибе жүзінде пысықтады. Оқушылар жартасқа өрмелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ жеке қашықтық және байлам қашықтықтары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.Табиғат аясындағы бұл жаттығу олардың төзімділігін арттырып, спорттық туризмге деген қызығушылығын одан әрі нығайтты
ЭКСКУРСИЯ
13
апрель
2026
ЭКСКУРСИЯ
12 сәуір күні орталықтың үйірме қатысушыларына Тамғалы Тас шатқалына   1 күндік танымдық экскурсия ұйымдастырылды 🏞️ Экскурсия барысында оқушылар «ашық аспан астындағы ғибадатхана» саналатын тарихи орынмен танысып, жартастағы бірегей петроглифтер мен XVII ғасырдың екінші жартысына жататын тибет иконографиясы және жазулар туралы мағлұмат алды 📜 Қатысушылар Авалокитешвара бейнесі, ежелгі мантралар мен тарихи мұралардың маңызын түсініп, өлкеміздің бай мәдени-рухани құндылықтарын тереңірек таныды 🌿
СПРОТТЫҚ ТУРИЗМ БАҒЫТЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
10
апрель
2026
СПРОТТЫҚ ТУРИЗМ БАҒЫТЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
2026 жылдың 6–10 сәуір аралығында Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығында спорттық туризм бағыты бойынша мазмұнды әрі қызықты апталық өткізілді. Апталық барысында: ✔️ Туристік көпсайыс бойынша жарыстар ұйымдастырылды ✔️ «Спорттық жартасқа өрмелеу» шеберлік сабағы өтті ✔️ Кіші жастағы балаларға арналған «Туристята» жарысы өткізілді ✔️ «Ирбис» марафоны қатысушылардың төзімділігін шыңдады                                                                                         
ҚҰСТАР КҮНІ
01
апрель
2026
ҚҰСТАР КҮНІ
🌿🐦 1 сәуір – Халықаралық құстар күніне орай Орталығымызда «Үздік сурет» байқауы ұйымдастырылды 🎨 Байқаудың мақсаты – балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, құстарды қорғауға шақыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту 🌱 Қатысушылар өз қиялдарын сурет арқылы жеткізіп, ерекше туындылар ұсынды 👏
Мекен жайымыз
Алматы облысы, Текелі қаласы, МУХТАР АУЭЗОВ көшесі, 15 үй

©2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru