11
август
2026
ЭКСКУРСИЯ
2026 жылдың 11 тамыз күні жазғы жоспарға сәйкес жас туристер үйірме қатысушыларымен туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру, тарихи-мәдени мұраны дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және өлкетану бағытындағы білімдерін толықтыру мақсатында Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы Жетісу облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушылар музейдің экспозициялық залдарын аралап, Жетісу өңірінің тарихы, табиғаты, археологиялық мұрасы, этнографиясы, мәдениеті және әр кезеңдегі тарихи оқиғалар туралы кең көлемде мағлұмат алды. Оқушылар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-ғалым, қазақтың тұңғыш теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбайұлының өмірі мен қоғамдық қызметі туралы ақпаратпен танысты.
Іс-шара барысында оқушылар музейдегі жәдігерлерді тамашалап қана қоймай, тарихи деректерді салыстыру, сұрақтар қою және алған білімдерін толықтыру арқылы танымдық белсенділіктерін көрсетті.