СУ ЖОРЫҒЫ
2026 жылдың 10–14 тамыз күндері Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы Қазақстан Республикасының туристік көпсайыс Кубогының қосымша кезеңі аясында Қонаев қаласынан Бақанас ауылына дейін 1 санатты су жорығын ұйымдастырды. Жорық барысында қатысушылар су туризмінің қыр-сырын меңгеріп, командалық жұмыс, төзімділік, қауіпсіздік ережелері мен бағыт бойынша бағдарлау дағдыларын шыңдады.