Тау туризмі » ГККП «Центр детско-юношеского туризма и краеведения»
"Жетісу облысы білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 54-42-61
Есепші бөлімі:
+7(7283) 54-42-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2022

Тау туризмі

Тау туризмі 

Тау туризмі ертеден қалыптасып,өзінің табиғи ерекшелігімен адамдарды қызықтыратын туризмнің басты объектісі болып саналады.Таулар пайда болу ерекшелігіне, табиғат жағдайларының қалыптасуына қарай туристік іс-әрекеттерді жайғастыруға өте қолайлы.Туристерді қызықтыратын факторлар түріне жатады. Таулар арқылы танымдық,спорттық және медени тәжірибелік жорықтар ұйымдастыруға болады.
Тау рельефінің элементтері тау жорықтарында қозғалысқа едәуір кедергілер келтіріп отыратын сәттері кездеседі.Бұны тау жорығының табиғи кедергілері деп атайды.Тау туризмімен айналысу үшін таулардың физика-географиялық ерекшеліктерін жақын біліу керек.Тау рельефінің элементтерінен қалыптасатын табиғи кедергілерден өту және қорғану тәсілі тау жорықтарының техникасы және тактикасы деп аталады.
Таулар орналасуына,қалыптасуына қарай әр түрлі болып келетіндіктен олардың беткейлері тік,көлбеу градустарға бөлінеді.Бұлардың өзі жорық қозғалысы үшін үлкен кедергі болып табылады.Сонымен қатар беткейлер қиыршық,басты қорымдар мен өсімдік жамылғысымен жамылып жатады. Таулы аймақпен қозғалыс кезінде бұлар басты кедергіге айналады.Теңіз деңгейімен салыстырғанда таулар әр түрлі болғандықтан, бұл аймақта ұйымдастырылатын туристік жорық түрлері де әр түрлі болады.Тау категориялық жорықтары көбінесе биік таулы аймақта ұйымдастырылады.Өйткені бұған қойылатын талаптар мен ережелерге сәйкес келеді.

Тау туризмінде кездесетін кедергілер дәрежесі

Тау туризмінде кездесетін кедергілер әр түрлі дәрежесіне байланысты топтастырылады.
Асулар дегеніміз тау жоталарының арасын өтуге қолайлы иін немесе географиялық тілмен айтқанда тау аралық ершік деп аталады. Асулар биіктігіне қарай градусына байланысты және кездесетін кедергілерге қарай әр түрлі күрделілікке жіктеледі.Бұл асу категориялары деп аталады.
- Асу категориясы күрделілігіне қарай санмен және әріппен қоса белгіленеді. Яғни күрделі А1 асуы,одан да күрделі 1 асуы және асулар үш деңгейлікке бөлінеді: 1А 1В, 2А 2В, 3А 3В. - Асулар күрделілігінде теңіз деңгейінен есептегендегі биіктігі қар немесе мұз жамылғысының болуы оның маусымдарға байланысты жатуы немесе қозғалыста болуы – Қорымдар мен куә жартастың болуы,тас құлау немесе қар көшкіні болу қаупі, үлкен тастардың болуы,асулар категориясының дәрежесін анықтайды.
Тау жорығындағы негізгі кедергілердің бірі қорымдар. Қорымдар дегеніміз тау басынан етегіне дейін созылып жатқан белгілі бір бөліктерде ғана кездесетін жылжымалы тас үйінділері. Қорымдар жер бетіне ашық шығып жатқан гранитті тау жыныстарының сыртқы күштер әсерінен мүжілу,үгілу процесінен пайда болады.Үгілу көлеміне байланысты қорымдардың түрі де әр түрлі болады. Қой тасты,кесек тасты және қиыршық тасты қорымдар.
Тау маршрутын жоспарлай отырып, жорық кезінде жергілікті жерде маршруттың асу нүктелерін айтарлықтай биіктіктерде табу үшін алдын ала азимуттарды есептеп алған пайдалы. Арнайы қауіпсіздік шараларын әзірлеу қажет: егер топ өз ішінде бөлінетін болса, байланыс және сигнал беру тәсілдерін, барлаушы топтарын бөлу, апатты жағдайлар болған кезде іс-әрекет жоспарын құру керек.

Тау туризміндегі қиындық дәрежелері

Тау туризмі бұл тек әдемі ғана емес, бұл өте қиын еңбек те болып табылады. Таулардағы жаман ауа-райы, қатты жел, қардың жаууы, +20-дан -20-ға дейінгі температура үнемі кездесіп тұрады. Таулардағы ең қауіпті деген құбылыс лавина болып табылатын шығар. Көптеген туристер, альпинистер және бүтіндей бір топтар осы қар астында қалып қалған. таулардағы биіктік де адам баласы үшін қауіпті, 4000 м. аса биіктік адам өміріне қауіпті болып келеді. Таулы туризмде өзге туризм түрлеріндей қиныдық дәрежелері болады. таулы туризмдегі жорықтар үшін 6 және шыңдар мен асулар үшін де 6 дәрежеден болады. Жорықтар 1-ден 6-ға дейін классификацияланады, ал жергілікті кедергілер, яғни шың мен асулар үшін мынадай қосымша дәрежелеу енгізілген болатын: ( қарапайым дәрежесі жоқ асулар), 1А, 1Б, 2А, 2Б, 3А, 3Б, 3Б* 

Тау туризмінің бағыттары

Таулы туризмде екі негізгі бағытты бөліп көрсетуге болады: альпинизм мен спелеотуризм. Екі бағытта қазіргі таңда өз адамдарын табуда. Таулы туризм өзіне еліктіреді, өйткені альпинистер мен тәжірибелі туристердің айтулары бойынша, тауға бір рет шықсаң, қайта-қайта оралғың келіп тұрады.
Мекен жайымыз
Алматы облысы, Текелі қаласы, МУХТАР АУЭЗОВ көшесі, 15 үй

©2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru