Спорттық жартасқа өрмелеу
•Құзға өрмелеу - бұл XIX ғасырдың соңында пайда болған спорт түрі, ол табиғи немесе жасанды рельефке өрмелеу арқылы тік қабырғадағы кедергілерді жеңуді білдіреді. Ерте өрмелеу альпинизмнің ажырамас бөлігі болды, бірақ бөлініп, бұл түр спорт әлемінде өзінің лайықты орнын алды және қазіргі уақытта халықтың әртүрлі топтары арасында спорт ретінде ғана емес, белсенді демалыс ретінде де тез танымал бола бастады.Қазір көптеген елдер бұл спорт түрін балалардың физикалық дамуына арналған мектеп бағдарламасына қосады, өйткені өрмелеу бес негізгі шеберлікті – жылдамдықты, күшті, ептілікті, икемділік пен шыдамдылықты барынша дамытады.
Спорттық құзға өрмелеу, үш негізгі тәртіпке бөлінеді: қиындыққа өрмелеу, жылдамдыққа өрмелеу, боулдеринг. Құзға өрмелеудегі тағы бір тәртіп - «КӨПСАЙЫС» ағылшын тіліндегі «Combined» немесе «КОМБИ» деп аталады. Көпсайыс - құзға өрмелеудегі үш негізгі түрдің тіркесімі. Спорттық құзға өрмелеудің әр бір түрі - бұл техникалық әдістер мен тактикалық әрекеттердің әр түрлі заңдылықтары, трассаларды өту кезінде өзінің физиологиялық және психикалық ерекшеліктері бар.
Құзға өрмелеу - бұл спортшылар нақты жартастарға еліктейтін арнайы қабырғаға (скалодромға) белгілі бір бағыттар бойынша жүретін спорт түрі. Альпинизмдегі маршруттар немесе трассалар қиындық санатына жіктеледі. Француз маршруттарын жіктеу жүйесіне сәйкес санаттар (5А-5А+, 5B-5В+, 5С-5С+ және т.б.) негізінен бүкіл әлем бойынша жолдардың күрделілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Спорттық құзға өрмелеудің қысқаша ережелері
Қиындыққа өрмелеу
Спорттық құзға өрмелеудің заманауи халықаралық ережелері бірнеше тәртіп бойынша жарыстар өткізуді білдіреді.Қиындыққа өрмелеу. Қиындыққа арналған жарыстар төменгі сақтандырумен белгіленген маршрут бойынша спортшыларды көтеру арқылы жүзеге асырылады. Жоғары қарай өрмелепкеле жатқанда, спортшы бекітілген арқанды «сегіздік» түйінінің көмегімен қабырғаға бекітілген тартпаларға рет-ретімен іліп көтеріледі. «Тартпа» дегеніміз - төменгі сақтандырумен өрмелеу кезінде немесе арнайы ілмектерде жоғарғы сақтандыруды ұйымдастыру үшін сақтандыру нүктесі ретінде қолданылатын екі арнайы карабин. Тартқышты өткізіп алған жағдайда спортшы трассадан алынады. Қиындыққа өрмелеуде қатысушының нәтижесі, өткен ілгектер бойынша есептеледі. Егер қатысушы арқанды соңғы тартқыштың ілгегіне ілсе, Маршрут толығымен өтті деп саналады. Бұл жағдайда жарысқа қатысушы трассаны аяғына дейін жүріп өткені және нәтижесінде оған хаттамада «ТОР» тіркелгені атап өтіледі. Қиындыққа өрмелеу тәртібінде тартқыштар мен ілгектерді ұстап алуға, маршрутты өту кезінде ілмектерге басуға тыйым салынады. Осы ереже бұзылған жағдайда спортшы дисквалификацияланады.
Егер спортшы құласа, онда оған соңғы ұстап тұрған ілгекті жазады. Кейде спортшылар келесі тасқа қозғалыстар жасайды, бірақ оны ұстай алмайды, сол сәтте құлаған жағдайда «+» белгісімен қозғалыс жасаған соңғы тастын нәтижесін жазады. Мысалы, 36+.
Жылдамдыққа өрмелеу жарыстарында тек жоғарғы төрешілік сақтандыру немесе автосақтандыру қолданылады. Егер спортшы трассаны өту барысында құласа, онда трассадан өту нәтижесінде оған «қатысушының құлауы» деп жазылады. Жарыс эталондық трассада өткізілген жағдайда спортшының маршрутты өтуге біліктілікте екі талпынысы болады. Жартылай финалда спортшылар жұптасып жарысады. Әрі қарай финалға қарсыластардан жылдамырақ өткен адамдар өтеді. Егер жарысқа қатысушы бір фальстарт жасаса, ол дисквалификацияланады.
Негізінен жылдамдық жарыстары «Эталон» деп аталатын жолақтарда өтеді. Оның биіктігі 15 м, ал көлбеу бұрышы 5⁰, тастар қатаң белгіленген тәртіпте орналасқан.
