25
ноябрь
2023
Экскурсия
2023 жылдың 25 қараша күні Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының үйірме қатысушыларына Шарын шатқалына біркүндік экскурсия ұйымдастырылды. Шарын шатқалы - Текелі қаласынан 450 шақырым жерде орналасқан. Шатқалдың жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткішісі болып табылады, ал құздарының биіктігі 150-300 метрді құрайды. Шарын шатқалы - Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр.