08
февраль
2025
«ФРИРОУП» жарысы
Бала – біздің болашағымыз!Ұлт тәрбиесі - ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді, денсаулығы мықты азамат өсіру үшін барлығымыз ынтымақтасып атсалысуымыз қажет.
📍 2025 жылдың ақпан айының 8 күні Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығында «АЙНАЛАЙЫН» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне спорттық туризм бойынша «ФРИРОУП» жарысы ұйымдастырылды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен грамоталар, кубокпен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!