Жазғы сауықтыру лагері » ГККП «Центр детско-юношеского туризма и краеведения»
"Жетісу облысы білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 54-42-61
Есепші бөлімі:
+7(7283) 54-42-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2022

Жазғы сауықтыру лагері

Жазғы сауықтыру лагерінің мақсат, міндеттері:
  1. Балалар мен жасөспірімдердің демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау.
  2. Балалардың денсаулығын нығайтуына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыру үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.
  3. Олардың тиімді демалысын және бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру.
  4. Азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтының дағдыларын ұйымдастыру.
  5. Ғылыми, техникалық, көркемдік шығармашылықта, спортта, туризм мен өлке тануда білімін, біліктілігін кеңейту, тереңдету.
        Жазғы сауықтыру лагерінде балалар жазғы демалыста  денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл түрі уақытша балалар ұтымының дамып, қалыптасуына әсер етсе, сондай-ақ әлеуметтік түсінік-қабілетін дамытуға негіз құрайды,олар алған тәжірибесін кез келген үжымда қолдана отырып, соңыңда оқу іс-әрекетінде де қарым — қатынас жасай алады.Еркін пікір алысуға үлкен мумкіндік жасалады.Еркін, қалыпты жағдай балалардың өз еркімен әрекет жасау қабілетін дамытуға оны ашуға жол ашады, белсенділігін арттырып, жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеуге, түрлі дағды, білім ашуын қалыптастырады. Лагерь жұмысын ұйымдастырудың басты мақсаты: балалардың лагерь жағдайында әлеуметтік тәжірибе жинақтауы, дамуына жағдай жасау, сауықтыру мазмұны, түрі жағынан әр түрлі қызықты да мазмұнды жүйе қалыптастыру. Жазғы сауықтыру  лагерінің негізгі міндеттері: Лагерь тәрбиеленушілері мен педұжымның бірлесіп атқаратын іс- шарасын ұйымдастыру. Туған жерінің табиғатына, жеріне, әлемге ,мәдениетіне қамқорлық сезімін дамыту. Балалардың шығармашылық,біліктілік, дене тәрбиесі қабілеттерін дамытуға жағдай жасау . Құрдастарымен мәдениетті түрде қарым — қатынас жасауға баулу. Мектеп,қала,елінің тарихы туралы білім көлемін толықтыру. Отансүйгіштік тәрбие беру.     
Күтілетін нәтижесі:
-Балалардың денсаулығының дамуы;
-Оқушылардың дене тәрбиесі және спорт сабақтарына қызығушылығын дамыту;
-Балалар арасында достық қарым-қатынасты нығайту;
-Салауатты өмір салтына бейімдеу.
Креативтік ұстаным.Шығармашылық тұрғыдағы тұлғаны дамыту үшін жағдай туындату, шығармашылыққа баулитын жетекші — ұстазы, пікірлесі болуы қажет. Бағдарлама жоғарыда аталып өткен жәйттерді құруға мүмкіндік береді.
Ұжымдық ұстаным. Ұжымда қарым-қатынас , жұмыс жасап жақынын құрметтей білуге үйретіп , оны түсініп, жәрдем беруге  ынталанандырып, тұлғаның қоғамдық белсендік қабілетін тәрбиелеуге болады.
Қоғамдық қарым-қатынастың тиімділік ұстанымы.
Топта балалар мен жас өспірімдерді  әлеуметтік  маңызы бар іс-әрекетке тарта отырып, олардың қарым-қатынас жасауына ықпал етіп, педагог оларға әлеуметтік жағдайға бейімделуіне, өз мүмкіншілігін пайдаланып, ашылуына  ықпал жасайды.
Жазғы сауықтыру лагерінің негізгі ұстанымдары:ұжымда қуаныш сезімін, бір-біріне деген сенімділік жағдайын қалыптастыру, даму және біліктілік қабілеттерін тәрбиелеу. Жасына, жынысына қарай балаларды жинақылыққа тәрбиелеу,өз іс әрекетіне жауапкершілікпен қарау қабілеттерін қалыптастыру.

 
Мекен жайымыз
Алматы облысы, Текелі қаласы, МУХТАР АУЭЗОВ көшесі, 15 үй

©2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru