Қаратал тарихи-өлкетану музейіне экскурсия. Текелі қаласының жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының қолдауымен ағымдағы жылдың 26 наурызында көктемгі демалысты тиімді пайдалану мақсатында Үштөбе қаласында орналасқан Қаратал тарихи-өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Жалпы ауданы 2520 шаршы метр болатын екі қабатты мұражай ғимаратының экспозициясы 9 бөліктен тұрады. Бірінші қабатта Қаратал ауданының археологиясы, фаунасы мен флорасына арналған бөлімдер орналасқан. Екіншісінде – этнография, қазақ хандығының қалыптасуы мен дамуы, Ұлы Отан және Ауған соғыстарының кезеңі, аудан тарихының залдары, сондай-ақ өлке мақтан тұтатын ауданның атақты адамдарына арналған залда белгілі театр және кино актрисасы, Қазақстанның Халық әртісі, Бикен Римова, жазушы және журналист Кемел Тоқаев және басқа да көптеген сала қайраткерлерінің өмірбаяндарымен оқушылар танысып, тамашалады.