БАҒДАРЛАУ ЖАРЫСЫ
2026 жылының 13 ақпан күні Текелі қаласының орталық саябағында «ORIENTEERING SPRINT» атты спорттық бағдарлау бойынша қалалық чемпионат өткізілді. Чемпионат аясында қатысушылар спринттік қашықтықта картаны пайдалана отырып, бақылау пункттерін дәл әрі жылдам табу бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!