Ақпарат » Страница 2 » ГККП «Центр детско-юношеского туризма и краеведения»
"Жетісу облысы білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 54-42-61
Есепші бөлімі:
+7(7283) 54-42-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЖОРЫҚ
26
июнь
2026
ЖОРЫҚ
2026 жылдың 24–25 маусым күндері аралығында жазғы жоспарға сәйкес үйірме қатысушыларына Текелі қаласындағы Шажа шатқалында орналасқан «Жылы» бұлаққа 2 күндік танымдық жорық ұйымдастырылды. Жорық барысында қатысушылар шатқалдың табиғи ерекшеліктерімен танысып, туристік дағдыларын жетілдірді. Оқушылар шатыр тігу, тамақ дайындау, жергілікті жерде бағдарлау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, туған өлкенің табиғаты мен тарихи-географиялық
ЭКСКУРСИЯ
22
июнь
2026
ЭКСКУРСИЯ
2026 жылдың 22 маусым күні жазғы жоспарға сәйкес орталықтың үйірме қатысушыларына  Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы Жаркент мешіті мұражайына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар мұражайдың тарихымен танысып, оның сәулеттік ерекшеліктері мен мәдени маңызы туралы құнды мәліметтер алды. Сонымен қатар, өлкеміздің тарихи-мәдени мұралары жөніндегі білімдерін кеңейтіп,  рухани құндылықтарына деген қызығушылықтарын арттырды. Танымдық саяхат кезінде
ЖОРЫҚ
18
июнь
2026
ЖОРЫҚ
2026 жылдың 18 маусым күні жазғы жоспарға сәйкес спорттық-туризм бағытының үйірме қатысушылары үшін Салдатсай шатқалына бір күндік танымдық жорық ұйымдастырылды. Жорық барысында оқушылар шатқалдың әсем табиғатымен танысып, туристік дағдыларын жетілдіріп, табиғат аясында белсенді демалыс өткізді. Сонымен қатар туған өлкенің табиғи байлықтары туралы білімдерін кеңейтіп, экологиялық мәдениеттерін арттырды. Табиғатпен үндескен бұл күн қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады!
ЭКСКУРСИЯ
15
июнь
2026
ЭКСКУРСИЯ
2026 жылдың 15 маусым күні жазғы жұмыс жоспарына сәйкес үйірме қатысушыларына Есік көлі мен Алтын адам мұражайына бір күндік танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар Есік көлінің әсем табиғатын тамашалап, оның тарихы туралы қызықты мәліметтермен танысты. Сондай-ақ Алтын адам мұражайын аралап, сақ дәуірінен қалған тарихи жәдігерлерді көріп, халқымыздың бай мәдени мұрасы туралы білімдерін толықтырды. Бұл экскурсия оқушылардың туған өлкенің табиғаты мен тарихына деген
ЖОРЫҚ
12
июнь
2026
ЖОРЫҚ
2026 жылдың 9–12 маусым күндері орталықтың үйірме қатысушыларына Серкесай шатқалына 4 күндік жаяу жорық ұйымдастырылды. Жорық барысында қатысушылар шатқалдың көркем табиғатын тамашалап, сарқырамаларға барып, ұмытылмас әсерге бөленді. Жорық барысында орталықта өткен теориялық сабақтарда алған білімдерін тәжірибеде қолданды.  Сонымен қатар, табиғат жағдайында бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің маңызын түсінді.
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
04
июнь
2026
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
2026 жылдың 04 маусым күні үйірме қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай оқушыларға танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. 
«Бақытты бала- жарқын болашақ»
01
июнь
2026
«Бақытты бала- жарқын болашақ»
2026 жылдың 1 маусым күні Балаларды қорғау күніне орай қалалық саябақта «Бақытты бала- жарқын болашақ» тақырыбында фрироуп жарысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі кедергілерден өтіп, ептіліктері мен төзімділіктерін сынады. Жарыс балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың батылдығын, шапшаңдығын және командалық рухын дамытуға мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің үздік қырларын көрсетті. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты сәттері
ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ
31
май
2026
ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ
2026 жылғы 30–31 мамыр күндері спорттық жартасқа өрмелеу үйірме қатысушыларына «Горняцкий» шағын ауданындағы табиғи жартасқа оқу-жаттығу жиыны ұйымдатырылды. Бұл сапар балалар үшін тек демалыс емес, жаңа білім мен ерекше әсерге толы тәжірибе болды. Қатысушылар шатыр құрып, жергілікті жерде бағдарлауды үйренді, командалық жұмыстың маңызын түсініп, жартасты аймақтардан қауіпсіз өтудің қыр-сырын меңгерді. Әрбір қатысушы өз күшін сынап, төзімділік пен жауапкершілікті шыңдады. Табиғат аясында өткен
ЭКСКУРСИЯ
26
май
2026
ЭКСКУРСИЯ
2026 жылдың 26 мамыр күні орталықтың үйірме қатысушылары Металлург шағын ауданында орналасқан “Часовня” ескерткішіне танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қатысушылар тарихи орынның ерекшелігімен танысып, туған өлкенің мәдени мұрасы туралы тың мәліметтер алды. Сонымен қатар, таза ауада серуендеп, әсем табиғатты тамашалап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі күн өткізді.  Осындай танымдық шаралар жас ұрпақтың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, елге, жерге деген құрмет сезімін
ЭКСКУРСИЯ
26
май
2026
ЭКСКУРСИЯ
2026 жылдың 26 мамыр күні Қонаев қаласының аумағында орналасқан «Көшпенділер» қалашығына экскурсия ұйымдастырылды. «Көшпенділер қалашығы» тарихи-мәдени нысан. Ол 2004 жылы «Көшпенді» фильмін түсіру үшін XVIII ғасырдағы бекініс ретінде арнайы салынған. 24 Қалашық 5,8 гектар жерді алып жатыр. 2025 жылдың тамызында Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы Қонаевқа «Көшпенділер» декорациялық кешенін сыйға тартты. Енді қала әкімдігі тозып, ескірген қалашықты жаңғыртып, оны туристер үшін
Мекен жайымыз
Алматы облысы, Текелі қаласы, МУХТАР АУЭЗОВ көшесі, 15 үй

©2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru