08
январь
2024
«Юный спасатель» конкурсы
БЖТ және ӨО қысқы демалыс жоспарына сай «Юный спасатель» конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс барысында қатысушылар бірінші қашықтық бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетсе, екінші қашықтықта жараланған адамды тасымалдау бойынша өз білімдерін көрсетті.Жоспар бойынша келесі іс-шара үйірме қатысушылары арасында спорттық бағдарлау бойынша жарыс. Жарыс ғимарат ішінде берілген бағыт бойынша өткізілді. Жарыстың мақсаты: Спорттық бағдарлау үйірмесінің кең таралуына ықпал ету және кез келген жерде дұрыс бағыт бағдар табуына дұрыс жол көрсету.
Екі іс-шара бойынша жеңімпаздар балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының грамоталарымен марапатталды. Жалпы іс-шараларға 100 жуық оқушы қамтылды