БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ » ГККП «Центр детско-юношеского туризма и краеведения»
"Жетісу облысы білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 54-42-61
Есепші бөлімі:
+7(7283) 54-42-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ
18
февраль
2022

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

«ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТЕКЕЛІ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТУРИЗМ ЖӘНЕ ӨЛКЕТАНУ ОРТАЛЫҒЫ»   МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ

«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорны (әрі қарай Орталық) қосымша білім беру және тәрбиеленушілерді қабылдау ережесі (әрі қарай Ереже) ҚР БжҒМ-нің 2013 жылдың 14 маусымында бекітілген «Балалаларға арналған қосымша білім беруді ұйымдастырудың типтік ережелерін бекіту туралы» №228 бұйрығы, Орталықтың Жарғысына сай бекітіледі. 
1. Орталықтың негізгі қызметі – білім саласында оқушылардың білім бағдарламасын игеруге, жеке тұлғаның шығармашылық және рухани дамуына, адамгершілік негіздерін және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оқушылардың техникалық шығармашылыққа, жаңашылдыққа және зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыра отырып өндірістік – шаруашылық әрекеттерін жасау. 
2. Орталықтағы білім беру, тәрбие үдерісіне қатысушылар балалар, педагогтар және ата-аналар (заңды қамқоршылары) болып табылады.
3. Оқу жылы басталар алдында екі апта бойы білім беру ұйымдарында, насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Орталықтың мекенжайы, ақпарат алу жолдары хабарланады. Оқу жылы 15 қыркүйектен басталады. 
4. Балаларды қабылдар кезде балалар және ата-аналар (заңды қамқоршылары) Орталық Жарғысымен, басқа да білім беру үдерісін реттейтін құжаттармен таныстырылады. 
5. Балалар және ата-аналар (заңды қамқоршылары) насихаттау парақтарында көрсетілген телефон арқылы немесе Орталыққа келіп кезекші педагогтардан үйірмелер туралы барлық ақпаратты, қажетті кеңестерді ала алады. 
6. Қатысатын үйірмені балалар ерікті түрде өздері таңдайды. 
7. Үйірмелерге 7-17 жастағы балалар қабылданады. «Бастапқы техникалық үлгі» тәрізді төменгі сыныптың оқушыларына арналған үйірмелерге 8 жастан қабылдау қарастырылған. 
8. Сабақтар қосымша білімнің білім беру бағдарламасына сәйкес топпен, жеке немесе бірлестіктің толық құрамымен жүргізіледі. Бірінші оқу жылында әрбір топтағы балалар саны 15, екінші және келесі жылдары 8-ден 12-ге дейін, сынақ және зерттеу топтарында 6-дан 8-ге дейін болуы тиіс. 
9. Үйірмеге жазылу үшін қажетті құжаттар: ата-ананың (заңды қамқоршыларының) өтініші, №035 формадағы медициналық анықтама (жергілікті емханадан алынады), баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі. Осы құжаттар толық тапсырылғанда бала үйірмеге қабылданған болып есептеледі. 
10. Үйірмелер тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін, бос уақытын, педагогтардың жүктемесін ескеріле отырып жасақталады. 
11. Қосымша білім берумен қамту үшін және білім беру ұйымдарының қажеттіліктеріне қарай үйірмелер жекелеген білім беру ұйымдарында ұйымдастырылады. Бұл жағдайда білім беру ұйымы мен Орталық арасында екі жақты келісімшарт жасалынады. 
12. Сабақ кестесін құруда оқушылардың күн тәртібі, ата-аналардың тілектері, үйірме өткізілетін орындардың санитарлық-гигиеналық жағдайлары, педагогтардың жұмыс режимі ескеріледі. 
13. Ата-аналар (заңды қамқоршылар) оқу-тәрбие жұмысына қатысуға, баланың үйірмеге тұрақты қатысуын қадағалауға міндетті. 
14. Туындаған сұрақтар орталық әкімшілігімен келісе отырып шешіледі


Оқыту процесін ұйымдастыру бойынша формалар – тәжірибелік сабақтар арналған орталық базасында арнайы жаттығу залы және жартасқа өрмелеу залы бар, керекті құрал жабдықтармен жабдықталған. 
Туризм орталығының жұмыс тәртібі оқушыларға қосымша білім беру мекемелерінің тиіптік ережелеріне, мекеме уставына, ішкі еңбек ережелеріне, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай бекітіледі.
  • Оқу жылының басталуы- 15 кыркүйек;
  • Оқу жылының аяқталуы – 25 мамыр;
Оқыту 2 аусымда ұйымдастырылған:
  • 1 ауысым – 8:00-11:20
  • 2 ауысым – 14:30- 17:50
Сабақтың ұзақтығы: Үйірме сабақтары сабақ кестесі бойынша жүргізіледі, сабақ кестесін орталық директоры бекітеді. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут, үйірме оқушылары әр сабақ ортасында 10 минутқа үзіліске шығады.
Білім беру үрдісінің жұмыс кестесі: 
  • 1 оқу жылы аптасына - 4 сағат күніне – 2 сағат
  • 2 оқу жылы аптасына – 6 сағат күніне – 3 сағат 
  • 3 оқу жылы аптасына – 6 сағат күніне – 3 сағат

Мекен жайымыз
Алматы облысы, Текелі қаласы, МУХТАР АУЭЗОВ көшесі, 15 үй

©2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru