21
февраль
2022
Спорттық бағдарлау
Бағдарлау спорты - спорттың бір түрі. Қатысушылар құбылнама мен спорттық картаның көмегімен картада белгіленген барлық бағдарлау пункттерінен өту керек. Жарыстың нәтижесін команданың дистанцияны өткен уақыты мен ұпайлары шығарады. Жарыс көбіне тау шатқалы мен орманды жерлерде өткізіледі.Спортшыларға жарыс жолы белгіленген карта жарыс алдында таратылып беріледі. Қашықтық жер жағдайына, орманның қою, сиректігіне, жарысқа қатысушылардың жас ерекшелігіне байланысты берледі. Негізінде, ересектер мен жас өспірімдер 6-12 км, әйелдер (16 жастан жоғарылар) 4-6 км қашықтықтарға жарысады. Аса тәжірибелі спортшылар 12 км артық қашықтық белгілеуге болады. Қатысушылар бірінен соң бірі бір минуттан кейін жолға шығады. Мәре мен жол бойындағы бағдарлау пункттері жалаумен белгіленеді.