Материалы за Июнь 2026 года » ГККП «Центр детско-юношеского туризма и краеведения»
"Жетісу облысы білім басқармасының
Текелі қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7283) 54-42-61
Есепші бөлімі:
+7(7283) 54-42-64
Нашар көрушілер
нұсқасы
ЖОРЫҚ
29
июнь
2026
ЖОРЫҚ
2026 жылдың 27 маусым күні жазғы жоспар сәйкес спорттық-туризм бағытының үйірме қатысушыларына Текелі шатқалына біркүндік танымдық жорық ұйымдастырылды. Жорық барысында оқушылар табиғат аясында туристік дағдыларын жетілдіріп, шатқалдың көркем келбетімен танысты. Сонымен қатар табиғатты аялаудың маңызын түсініп, туған өлкенің табиғи ерекшеліктері туралы білімдерін толықтырды. Біркүндік жорық – қызықты сәттерге, пайдалы тәжірибеге және көтеріңкі көңіл-күйге толы болды. Осындай сапарлар балалардың
ЖОРЫҚ
26
июнь
2026
ЖОРЫҚ
2026 жылдың 24–25 маусым күндері аралығында жазғы жоспарға сәйкес үйірме қатысушыларына Текелі қаласындағы Шажа шатқалында орналасқан «Жылы» бұлаққа 2 күндік танымдық жорық ұйымдастырылды. Жорық барысында қатысушылар шатқалдың табиғи ерекшеліктерімен танысып, туристік дағдыларын жетілдірді. Оқушылар шатыр тігу, тамақ дайындау, жергілікті жерде бағдарлау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар, туған өлкенің табиғаты мен тарихи-географиялық
ЭКСКУРСИЯ
22
июнь
2026
ЭКСКУРСИЯ
2026 жылдың 22 маусым күні жазғы жоспарға сәйкес орталықтың үйірме қатысушыларына  Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласындағы Жаркент мешіті мұражайына танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар мұражайдың тарихымен танысып, оның сәулеттік ерекшеліктері мен мәдени маңызы туралы құнды мәліметтер алды. Сонымен қатар, өлкеміздің тарихи-мәдени мұралары жөніндегі білімдерін кеңейтіп,  рухани құндылықтарына деген қызығушылықтарын арттырды. Танымдық саяхат кезінде
ЖОРЫҚ
18
июнь
2026
ЖОРЫҚ
2026 жылдың 18 маусым күні жазғы жоспарға сәйкес спорттық-туризм бағытының үйірме қатысушылары үшін Салдатсай шатқалына бір күндік танымдық жорық ұйымдастырылды. Жорық барысында оқушылар шатқалдың әсем табиғатымен танысып, туристік дағдыларын жетілдіріп, табиғат аясында белсенді демалыс өткізді. Сонымен қатар туған өлкенің табиғи байлықтары туралы білімдерін кеңейтіп, экологиялық мәдениеттерін арттырды. Табиғатпен үндескен бұл күн қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады!
ЭКСКУРСИЯ
15
июнь
2026
ЭКСКУРСИЯ
2026 жылдың 15 маусым күні жазғы жұмыс жоспарына сәйкес үйірме қатысушыларына Есік көлі мен Алтын адам мұражайына бір күндік танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар Есік көлінің әсем табиғатын тамашалап, оның тарихы туралы қызықты мәліметтермен танысты. Сондай-ақ Алтын адам мұражайын аралап, сақ дәуірінен қалған тарихи жәдігерлерді көріп, халқымыздың бай мәдени мұрасы туралы білімдерін толықтырды. Бұл экскурсия оқушылардың туған өлкенің табиғаты мен тарихына деген
ЖОРЫҚ
12
июнь
2026
ЖОРЫҚ
2026 жылдың 9–12 маусым күндері орталықтың үйірме қатысушыларына Серкесай шатқалына 4 күндік жаяу жорық ұйымдастырылды. Жорық барысында қатысушылар шатқалдың көркем табиғатын тамашалап, сарқырамаларға барып, ұмытылмас әсерге бөленді. Жорық барысында орталықта өткен теориялық сабақтарда алған білімдерін тәжірибеде қолданды.  Сонымен қатар, табиғат жағдайында бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен жауапкершіліктің маңызын түсінді.
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
04
июнь
2026
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ
2026 жылдың 04 маусым күні үйірме қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай оқушыларға танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға мемлекеттік рәміздердің маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. 
«Бақытты бала- жарқын болашақ»
01
июнь
2026
«Бақытты бала- жарқын болашақ»
2026 жылдың 1 маусым күні Балаларды қорғау күніне орай қалалық саябақта «Бақытты бала- жарқын болашақ» тақырыбында фрироуп жарысы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі кедергілерден өтіп, ептіліктері мен төзімділіктерін сынады. Жарыс балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың батылдығын, шапшаңдығын және командалық рухын дамытуға мүмкіндік берді. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің үздік қырларын көрсетті. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты сәттері
Мекен жайымыз
Алматы облысы, Текелі қаласы, МУХТАР АУЭЗОВ көшесі, 15 үй

©2022, Ресми сайт Алматы облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru