26
июнь
2026
ЖОРЫҚ
2026 жылдың 24–25 маусым күндері аралығында жазғы жоспарға сәйкес үйірме қатысушыларына Текелі қаласындағы Шажа шатқалында орналасқан «Жылы» бұлаққа 2 күндік танымдық жорық ұйымдастырылды.
Жорық барысында қатысушылар шатқалдың табиғи ерекшеліктерімен танысып, туристік дағдыларын жетілдірді. Оқушылар шатыр тігу, тамақ дайындау, жергілікті жерде бағдарлау және қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізді.
Сонымен қатар, туған өлкенің табиғаты мен тарихи-географиялық ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейтіп, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар атқарылды. Табиғат аясындағы бұл жорық балалардың төзімділігін арттырып, ұжымдық қарым-қатынас пен жауапкершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етті.
Екі күнге созылған танымдық жорық қатысушыларға ұмытылмас әсер сыйлап, туған өлкенің көркем табиғатын тереңірек тануға мүмкіндік берді.