05
октябрь
2025
Қаратал өлкетану музейіне экскурсия
2025 жылдың 5 қазан күні Қаратал өлкетану музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Музей қорында Қаратал ауданының табиғи байлығы, флорасы мен фаунасы, археологиялық құндылықтары, қазақ халқының тұрмыс заттары, қолданбалы өнер туындылары, ауданның белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, тарихи оқиғалар туралы материалдар жинақталған.