14
июль
2023
Тамшыбұлақ бұлағына және Сара Тастамбекқызының мұражайына 1 күндік экскурсия
#летовдопобразовании2023,#жаз_қосымшабілімберу2023,
#Zhazqosymshabilim2023
#rumcdo_official 2023 жылдың 14 шілде күні Тамшыбұлақ бұлағына және Сара Тастамбекқызының мұражайына 1 күндік экскурсия ұйымдастырылды. Тамшыбұлақ бұлағы – Ақсу ауданындағы Қапал ауылының орталығында орналасқан көне заманнан келе жатқан, тастан қаланып салынған ескі зираттардың астын үңгіп, тас қабырғаларды жарып шығып, тамшылардан құралып ағып жатқан қасиетті бұлақ. Бұл бұлақтың мөлдір суын жергілікті тұрғындар көне заманнан бері әр түрлі ауруларды (көз, асқазан, сүйек. – буын, жүйке аурулары және т.б.) емдеуге қолданған. Тамшыбұлақ табиғаты өте шұрайлы жерде орналасқан. Бұлақ қойнауы қысы-жазы көк шөптермен көмкеріліп, суықта бұлақ суы қатпай, тамшылап ағып тұрады. Бұлақтың аты осыдан шыққан. Тамшыбұлақтың суы адам денсаулығына шипалы һәм пайдалы екенін ғалымдар да мойындаған.