07
январь
2024
Туристік көпсайыстан В.Чепельді еске алу республикалық турнирі
2024 жылдың 3-7 қаңтар аралығында Алматы қаласы Қазақ спорт және туризм академиясында Туристік көпсайыстан В.Чепельді еске алу республикалық турнир ұйымдастырылды. Чемпионат тау туризмі бойынша өтті.Чемпионатқа Жетісу облысынан Текелі қаласының Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының командалары қатысты.
Балалар командалары арасында:
«Ирбис – Текелі 21» командасы
Мырзабай Бағдар 1 орын жеке қашықтық
Шевлякова Виалетта 3 орын жеке қашықтық
Нұрлан Сырым 3 орын жеке қашықтық
Ащанов Шерхан және Мырзабай Бағдар 1 орын Байлам қашықтық
Командалық қашықтық – 1 орын
Жалпыкомандалық есепте: 1 орын.