29
сентябрь
2024
туризм күні

Дүниежүзілік туризм күніне орай 2024 жылдың 28 - 29 қыркүйек күндері орталық үйірме жетекшілері өз оқушыларымен бір күндік жаяу жорықтар мен танымдық экскурсиялар ұйымдастырды Экскурсия мен жорық барысында қатысушылар өңірдің бай тарихы мен мәдени мұрасымен танысып, бірегей артефактілерді тамашалады. Мұражайдағы көрмелер Жетісу өңірінің табиғи ерекшеліктерін, тарихи тұлғалары мен маңызды оқиғаларын қамтып, оқушылардың қызығушылығын оятты. Бұл танымдық саяхат өлкетану бағытындағы білімдерін кеңейтуге үлкен септігін тигізді.