31
март
2025
Көксу шатқалына 1 күндік экскурсия
2025 жылдың 31 наурыз күні көктемгі каникул жоспарына сәйкес үйірме қатысушыларымен Кербұлақ ауданы Көксу шатқалына 1 күндік экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқушылар жартастарға салынған суреттер мен бейнелерді тамашалады. Ежелгі петроглифтер соңғы палеолиттің ақырында пайда болған мифтік сюжеттер, қоршаған ортамен байланысты шаруашылық-тұрмыстық қарекеттер бейнеленген жазбалармен танысты. Қатысушылар өз өлкелері бойынша көптеген мағұлматтарды игерді.